
Тыңдаушылар категориясы: орта білім беру ұйымдарының пән мұғалімдері
Мақсаты: цифрлық және қашықтан оқытудың білім технологиялары негізінде оқу процесін ұйымдастыру бойынша педагогтердің кәсіби құзырлылығын қалыптастыру
Күтілетін нәтижелер:
1) нормативтік-құқықтық құжаттарға, мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына, типтік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес қашықтан оқытуды ұйымдастырудың басым бағыттары мен принциптерін, инновациялық технологияларды қолдану арқылы білім берудің әдістемелік жүйесін жаңарту процесінде қолданады;
2) қашықтан сабақты ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін ескере отырып, АКТ арқылы оқытудың әдістері мен құралдарын таңдаудың негізгі тәсілдерін зерделейді;
3) қашықтан оқыту жағдайында білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, оқыту әдістері мен ұйымдастыру формаларын, педагогикалық процесті жоспарлау дағдыларын меңгереді.
Сағат саны: 80

Тыңдаушылар категориясы: орта білім беру ұйымдарының басшыларына және білім беру ұйымдары басшыларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары
Мақсаты: мектепте тиімді білім беру кеңістігін құруда қашықтан оқыту технологиялары негізінде білім беру ұйымдары басшыларының басқару дағдыларын дамыту
Күтілетін нәтижелер:
1) стратегиялық басқару құралдарының көмегімен басқару шешімдерін зерттейді;
2) сапа менеджменті жүйесі мен білім беру процесін квалиметриялық сүйемелдеу жүйесін енгізе отырып, мектепте заманауи білім беру процесін ұйымдастыру және құру дағдыларын қолданады;
3) тиімді білім беру кеңістігіндегі үздік озық педагогикалық тәжірибені салыстырмалы талдауға негізделген мектепті басқарудағы көшбасшылықтың тиімді стильдерін қолданады.
Сағат саны: 80
Тыңдаушылар категориясы: қазақ және орыс тілдерінде оқытатын білім беру ұйымдары басшыларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары
Мақсаты: қашықтан оқыту жағдайында мектептің тәрбие жұмысының сапасын, тиімділігін арттыру үшін мектеп басшыларының кәсіби-басқарушылық құзыреттілігін дамыту
Күтілетін нәтижелер:
1) "Z" және "Альфа" ұрпақтарының оқушыларын табысты оқытуда заманауи психологиялық-педагогикалық тәсілдерді және қашықтан оқыту жағдайында білім беру жүйесін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттарды қолданады;
2) оқушыларды тәрбиелеу және әлеуметтендіру процесінде заманауи IT технологияларды қолдану дағдыларын тиімді қолданады;
3) қашықтан білім беру жағдайында мектептің тәрбие жүйесін жобалау дағдыларын көрсетеді.
Сағат саны: 80