
Тыңдаушылар категориясы: орта білім беру ұйымдарының басшыларына және білім беру ұйымдары басшыларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары
Мақсаты: мектепте тиімді білім беру кеңістігін құруда қашықтан оқыту технологиялары негізінде білім беру ұйымдары басшыларының басқару дағдыларын дамыту
Күтілетін нәтижелер:
1) стратегиялық басқару құралдарының көмегімен басқару шешімдерін зерттейді;
2) сапа менеджменті жүйесі мен білім беру процесін квалиметриялық сүйемелдеу жүйесін енгізе отырып, мектепте заманауи білім беру процесін ұйымдастыру және құру дағдыларын қолданады;
3) тиімді білім беру кеңістігіндегі үздік озық педагогикалық тәжірибені салыстырмалы талдауға негізделген мектепті басқарудағы көшбасшылықтың тиімді стильдерін қолданады.
Сағат саны: 80