Тыңдаушылар категориясы: қазақ және орыс тілдерінде оқытатын білім беру ұйымдары басшыларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары
Мақсаты: қашықтан оқыту жағдайында мектептің тәрбие жұмысының сапасын, тиімділігін арттыру үшін мектеп басшыларының кәсіби-басқарушылық құзыреттілігін дамыту
Күтілетін нәтижелер:
1) "Z" және "Альфа" ұрпақтарының оқушыларын табысты оқытуда заманауи психологиялық-педагогикалық тәсілдерді және қашықтан оқыту жағдайында білім беру жүйесін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттарды қолданады;
2) оқушыларды тәрбиелеу және әлеуметтендіру процесінде заманауи IT технологияларды қолдану дағдыларын тиімді қолданады;
3) қашықтан білім беру жағдайында мектептің тәрбие жүйесін жобалау дағдыларын көрсетеді.
Сағат саны: 80