Мақсаты: пәндер бойынша оқу жоспарына тақырыптар мен жеке жаттығуларды, сондай-ақ жоғары сапалы білім беру нәтижелері қол жеткізу үшін сыныптан тыс іс-шараларды кіріктіру арқылы жалпы білім беретін мектептің оқу үдерісіне ТББ енгізу бойынша біліктілікті арттыру курстарының тренерлері мен орта білім беру ұйымдары мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту.
Міндеттері:
- жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие процесіне тұрақты даму мәселелерін енгізудің нормативтік және психологиялық-педагогикалық аспектілерін зерттеу;
- сабақ үзінділерін талдау және модельдеу арқылы білім беру үдерісіне ТББ енгізу бойынша күтілетін нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін технологиялық тәсіл негізінде сабақтарды жобалау құзыреттерін жетілдіру;
- мұғалімдерге арналған әдістемелік ұсыныстарды зерделеу және оқушыларға арналған қолданыстағы оқу құралдарын талдау арқылы ТБМ мақсаттарын білім беру үдерісіне кіріктіру құзыреттерін дамыту;
- цифрлық білім беру ресурстарын дамыту арқылы ТББ енгізуде күтілетін нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін заманауи ІТ-технологияларды қолдануда практикалық дағдыларды дамыту.
Күтілетін нәтижелер:
Курс соңында тыңдаушылар:
1. ТББ оқу процесіне енгізудің нормативтік және психологиялық-педагогикалық аспектілері туралы білімдерін көрсетеді.
2. Оқу үдерісіне ТББ енгізу бойынша күтілетін оқу нәтижелеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін технологиялық тәсілге негізделген сабақты жобалау дағдыларын қолданады.
3. ТББ тақырыптары мен міндеттерін оқу үдерісіне кіріктіреді.
4. Білім беру үдерісінде ТББ енгізуде күтілетін нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін ІТ құзыреттілігін көрсетеді.