Настройка зачисления на курс

«Тәрбие жұмысы менеджменті» біліктілікті арттыру курсының білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдары директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларын (бұдан әрі – директорлардың орынбасарларын) оқытуға арналған.

Бағдарламаның өзектілігі білім беру ұйымдары директорларының орынбасарларының біліктілігін басқару қызметінің стратегиялық өзгерісін ескере отырып, тәрбие менеджменті негіздерінің білімі мен дағдыларын меңгеру жөніндегі талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты.  

Бағдарлама директорлардың орынбасарларының кәсіби қиындықтары мен қажеттіліктеріне сауалнама жүргізу, сондай-ақ қолданыстағы талаптардың өзгеруі немесе жаңа талаптардың пайда болуы тұрғысынан Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерін талдау арқылы диагностика негізінде әзірленді.

«Тәрбие жұмысы бойынша кәсіби даму қажеттіліктері» сауалнамасы директорлардың орынбасарларының курстық дайындықтағы бірқатар қажеттіліктерін анықтайды. Бұл «осы саладағы тәжірибенің жеткіліксіздігі», «жекелеген мәселелерде әдістемелік қолдау қажет», «кәсіби дамудың қажеттілігі бар», "тәрбие жұмысы менеджменті мәселесі бойынша аттестаттаудан өту үшін курстық дайындық қажет", «білім берудің жаңа бірыңғай бағдарламасын енгізу бойынша курстық дайындық қажет», «орталықтардың қызметін ұйымдастыру бойынша курстарға қажеттілігі бар ата-аналарды педагогикалық қолдау» және т.б. ұсынылған курс осы қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған.

Бағдарлама балаларды тәрбиелеу үрдісін заңнамалық және нормативтік-құқықтық, ғылыми-зерттеу, бағдарламалық-әдістемелік, практикалық қамтамасыз ету бойынша теориялық және практикалық сабақтарды қамтиды және функционалдық сауаттылық, цифрландыру, интегралдық сауаттылықты оқытудағы жалпымемлекеттік басымдықтар мен әлемдік трендтерге сәйкес Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында тәрбие үрдісінің сапасын жетілдіру жөніндегі іс-қимылдардың мақсаттылығын, командалық және бейімделгіш оқыту және тәрбиелеу, тұтастығын және жүйелілігін қамтамасыз етуге арналған.


GAG
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.