Тыңдаушылар санаты: Орта білім беру ұйымдарының тарих пәні мұғалімдері
Бағдарламаның мақсаты: Тарих пәні мұғалімдерінің күрделі тақырыптарды оқып-үйренуді ұйымдастыру бойынша пәндік құзыреттерін, тарих сабақтарын дайындау және өткізудің практикалық міндеттерін шешудегі тұжырымдамалық тәсіл біліктерін дамыту
Күтілетін нәтижелері:
1. «Тарих. 10-11 сыныптар» пәні бойынша ең күрделі тақырыптардың теориялық негіздерін түсіну;
2. барынша күрделі тақырыптарды оқып-үйренуде инновациялық технологияларды қолданудың тиімді жолдарын талдайды және анықтайды;
3. барынша күрделі тақырыптарды оқытуда жаңа әдістерді қолдана отырып, оқу үдерісінде заманауи әдістер мен технологияларды жобалайды және қолданады;
4. барынша күрделі тақырыптар бойынша құзыреттілікке бағдарланған және сараланған тапсырмаларды, оқу жағдаяттарын жобалайдыСағат саны: 80